Оқу уақыты: 1 мин

Артета: ПСЖ-дан жеңілгеннен кейін Парижде ерекше нәрсе жасауымыз керек

Артета: ПСЖ-дан жеңілгеннен кейін Парижде ерекше нәрсе жасауымыз керек

Париждік клуб Чемпиондар лигасының жартылай финалдық алғашқы матчында Лондонда «Арсеналдан» 1:0 есебімен басым түсті. Ойын тағдырын Усман Дембеленің жалғыз голы шешті. Бұл жеңіс ПСЖ-ға өз алаңындағы қарымта матч алдында артықшылық берді.

«Арсенал» бұл кездесуде бірде-бір дәл соққы жасай алмады. Бұл – соңғы тоғыз жылда тұңғыш рет лондондықтардың Еурокубок аясындағы үй матчында гол сала алмағаны. Команданың бас бапкері Микель Артета матчтан кейін:

«Егер біз финалға өткіміз келсе, Парижде ерекше бір нәрсе жасауымыз керек», – деп мәлімдеді.

ПСЖ қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма бірнеше маңызды сэйвпен көзге түсті. Әсіресе Габриэль Мартинелли мен Леандро Троссармен болған жекпе-жек сәттерінде шеберлік танытты. Луис Энрике шәкіртінің ойынына былай баға берді:

«Бұл – қақпашының міндеті. Команданы құтқару үшін олар күн сайын жаттығады. Жартылай финалда әр ойыншы маңызды».

Қарымта матч 7 мамыр күні өтеді.