07.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Артета «Арсеналдағы» Дьёкерештің дебютін бағалады

Артета «Арсеналдағы» Дьёкерештің дебютін бағалады

«Арсенал» өзінің жаңа шабуылшысы — Виктор Дьёкерешті «Эмирейтс» стадионында «Вильярреалға» қарсы жолдастық кездесуде таныстырды.

Лондондық клуб жанкүйерлері 64 миллион фунт тұратын трансферден кейін үлкен үміт артып отырған швед шабуылшысын жылы қарсы алды — матч басталар алдында оның есімі ең қатты қошеметке ие болды.

«Қарулылар» испандық клубтан 2:3 есебімен жеңілді — қонжайлар атынан Кристиан Нёргор мен Мартин Эдегор гол соқты. Дьёкереш алаңда бір сағаттай ойнап, қарсылас қақпасына бірнеше қауіпті сәт жасады.

«Бейімделуге санаулы күндер қажет болады деп үміттенемін. Жаттығуларда ол серіктестерімен жақсы түсіністік танытып жатыр», — деді «Арсеналдың» бас бапкері Микель Артета.

«Қарулылар» бапкері 27 жастағы шабуылшы «Олд Траффордта» «Манчестер Юнайтедке» қарсы маусым басындағы ойынға толық дайын болатынына сенімді.