Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Артета: «Арсенал» тарих жасайтын сәтке жақын»

УЕФА ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, «Арсенал» бас бапкері Микель Артета Чемпиондар лигасының ширек финалындағы «Реал Мадридпен» өтетін қарымта матч алдында өз ойымен бөлісті. Кездесу бүгін Испания астанасында өтеді.

Испаниялық маман мадридтік клубтың тарихи айбынын мойындағанымен, өзі сенімді әрі шешімді көңіл күйде. Естеріңізге сала кетейік, алғашқы матчта лондондықтар 3:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

«Бұл – олардың тарихының бір бөлігі, «Реал» мұндай сценарийлер туралы айтуға толық құқылы. Бірақ біз мүлде басқа көңіл күйдеміз: алға жылжуға барлық мүмкіндігіміз бар. Бұл – ерекше сәт. Біз ешқашан Чемпиондар лигасын жеңіп көрмегенбіз, енді осыны өзгертіп, өз тарихымызды жазуға тырысып жатырмыз», — деді Артета матч алдындағы баспасөз жиынында.

«Арсенал» тарихындағы ең ірі еурокубоктық межелердің біріне бір табан жақын тұр. Лондондықтар жартылай финалға шықса, бұл турнирдегі соңғы онжылдықтағы ең ірі жетістіктерінің бірі болмақ.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!