02.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Арсеналдың жартылай қорғаушысы Фабиу Виейра Гамбургке ауысады

Арсеналдың жартылай қорғаушысы Фабиу Виейра Гамбургке ауысады

Журналист Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, Фабиу Виейра лондондық «Арсеналдан» кетеді — португалдық жартылай қорғаушы «Гамбургке» жалға алу құқығымен және кейіннен сатып алу мүмкіндігімен ауысады.

Тараптар трансфердің барлық шарттарын келісті — футболшы медициналық тексеруден өту үшін Германияға жол тартты.

«Арсенал» Виейраны үш жылдай бұрын «Портудан» 35 миллион еуроға және қосымша 5 миллион еуро бонус төлеу мүмкіндігімен сатып алған болатын. Өткен маусымда португалдық «Порту» сапында жалға алу негізінде өнер көрсетті — ұлттық біріншіліктің 26 ойынында төрт гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.