30.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Арсеналдың жаңа ойыншысы Дьёкереш Анридің аңызға айналған 14-ші нөмірін таңдады

Арсеналдың жаңа ойыншысы Дьёкереш Анридің аңызға айналған 14-ші нөмірін таңдады

«Арсеналдың» ресми сайтының хабарлауынша, Виктор Дьёкереш лондондық клубтың ойыншысы атанды — трансфер «зеңбіректілерге» 64 миллион фунт стерлингке түсті.

«Спортинг» сапында 102 ойында 97 гол соққан 27 жастағы швед ойыншы аңызға айналған Тьерри Анри киген 14-ші нөмірді таңдады.

«Әрине, мен бұл нөмірдің тарихын білемін. Шынын айтқанда, таңдауға көп нөмір болған жоқ. Мен өз жолыммен жүріп, өз қабілетімді көрсеткім келеді, біреумен салыстырылғым келмейді», — деді Дьёкереш.

«Арсеналдың» бас бапкері Микель Артета жаңа ойыншының шешімді ұстанымын атап өтті:

«Онымен сөйлескенде байқаған алғашқы нәрсем — оның сенімділігі. Ол клубтың тарихы мен осы жейденің маңызын жақсы түсінеді».

Жанкүйерлер швед шабуылшысының трансферін жылы қабылдады — оның ойын жейдесінің сатылымы клубтық рекордты жаңартты. Дьёкерештің дебюті Гонконгта «Тоттенхэммен» өтетін жолдастық кездесуде болуы мүмкін.