14.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Арсенал Валенсия қорғаушысы Москерамен келісімге келді

Арсенал Валенсия қорғаушысы Москерамен келісімге келді

BBC Sport мәліметі бойынша, лондондық «Арсенал» «Валенсия» қорғаушысы Кристиан Москераны трансферлеу бойынша келіссөздердің соңғы кезеңінде — тараптар жеке келісімшарт талаптарын келісті.

21 жастағы испан футболшысы қорғаныстың орталығында да, оң қанатта да ойнай алады. Ол Вильям Салиба мен Габриэль Магальяйнспен бәсекелестікті күшейтуі тиіс — Такехиро Томиясудың кетуінен кейін командаға қорғаныс желісін нығайту қажет болды.

Өткен маусымда Москера Ла Лиганың барлық дерлік ойындарына қатысты — 38 ойынның 37-сінде алаңға шықты, жалпы «Валенсия» құрамында 90 рет өнер көрсетті.

«Арсенал» белсенді трансферлік науқан жүргізуде — клуб қазірдің өзінде:

  • «Реал Сосьедадтан» Мартин Субимендиді
  • «Брентфордтан» Кристиан Нергорды
  • «Челсиден» Кепа Аррисабалаганы қосып үлгерді

Сондай-ақ «қарушылар» «Спортинг» шабуылшысы Виктор Дьекерешті 73,5 миллион еуроға сатып алуға жақын.