Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Арсенал» тағы да ұпай жоғалтты

Лондондағы «Эмирейтс» стадионында Англия Премьер-лигасының 34-тур аясындағы «Арсенал» мен «Кристал Пэлас» арасындағы матч өтіп, 2:2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz

Алғашқы голды небәрі 3-минутта соғылды. «Арсенал» сапынан Якуб Кивёр Мартин Эдегордың пасынан кейін көзге түсті. Алайда 27-минутта қонақтар таразы басын теңестірді. Эберечи Эзе Адам Уортонның нәтижелі пасын голға айналдырды.

Бірінші таймның соңына таман, 42-минутта Леандро Троссард Юрриен Тимбердің көмегімен есепті 2:1-ге жеткізіп, алаң иелерін алға шығарды. Алайда матч соңына дейін «Кристал Пэлас» берілмеді. 83-минутта Жан-Филипп Матета есепті қайта теңестіріп, ойын тағдырын шешті. Есеп: 2:2.

Бұл нәтижеден кейін «Арсенал» 34 ойыннан кейін 67 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орынға тұрақтады. Ал «Кристал Пэлас» 45 ұпаймен 12-орынға тұрақтады.