22.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Арсенал» соңғы сәтте ұпай еншіледі

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Арсенал» соңғы сәтте ұпай еншіледі

Ағылшын Премьер-лигасының 5-турында «Арсенал» өз алаңында «Манчестер Ситимен» тең түсті (1:1).

Қонақтар матчтың басында Эрлинг Холанданың голының арқасында алға шықты. Алайда 90+3-минутта Габриэл Мартинелли дәл соққысымен есепті теңестіріп, «канонирлерге» бір ұпай алып берді.

Бұл нәтиже лондондықтардың «Ситиге» қарсы сәтті сериясын жалғастырды. Соңғы алты кездесуде «Арсенал» үш рет жеңіп, үш ойында тең түсті. «Ситидің» соңғы жеңісі 2022/2023 маусымындағы 33-турда (4:1) тіркелген еді.

Бес турдан кейін «Арсенал» 10 ұпай жинап, екінші орында тұр. Ал «Манчестер Сити» жеті ұпаймен турнирлік кестенің тоғызыншы сатысына жайғасты.