20.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Арсенал» қорғаушысы Томиясу операция жасатқанын хабарлады

Лондондық «Арсеналдың» қорғаушысы Такехиро Томиясу тізесіне хирургиялық операция жасатты.

Бірнеше күн бұрын мен тіземе операция жасаттым. Мен ең көп ұнататын ісіммен қайта айналысу үшін қалпына келуді бастап кеттім. Бұл менің мансабымдағы ең қиын кезең және әрине ол әлі де біраз жалғасады бірақ мен берілмеймін. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет және кездескенше.

Биылғы маусымда жапон футболшысы алаңда небәрі 6 минут өткізді. Бұл «Саутгемптонға» қарсы матчта болды, онда оның командасы 3:1 есебімен жеңіске жетті.