Оқу уақыты: 1 мин

Арсенал қорғаушысы Тимбер тобық операциясын жасатады

Арсенал қорғаушысы Тимбер тобық операциясын жасатады

The Standard басылымының мәліметінше, лондондық «Арсеналдың» қорғаушысы Юрриен Тимбер жақын арада тобық операциясын жасатады.

Нидерландтық футболшы — соңғы бірнеше ай ауырсынуға қарамастан алаңға шығып жүрді. Чемпиондар лигасының жартылай финалында «ПСЖ-ден» жеңілгеннен кейін Тимбер команда құрамында көрінбеді.

«Зеңбірекшілердің» медициналық штабы — 23 жастағы қорғаушының маусым алдындағы дайындыққа үлгеретініне сенімді. Ағымдағы АПЛ маусымында Тимбер 30 матч өткізіп, бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді, «Арсеналдың» алаң ойыншылары арасында ойын уақыты бойынша алтыншы орынға ие болды.