Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Арсенал» қорғаушысы «Реалға» масқара сомаға ауысуы мүмкін

Get Football News France мәліметі бойынша, Лондондық «Арсеналдың» қорғаушысы Вильям Салиба мансабын мадридтік «Реалда» жалғастыруы мүмкін.

23 жастағы француз футболшысы — жазда қорғаныс шебін күшейтуді көздеп отырған «кілең ақтардың» басты нысанасы. Ойыншының өкілдері мен испандық клуб арасында алдын-ала келіссөздер өтті. Футболшының өзі үшін «Реалға» ауысу — басты арманы.

«Зеңбірекшілер» өздерінің негізгі қорғаушысын 100 миллион фунт-стерлингке бағалайды. Бұл сома орталық қорғаушы трансфері үшін рекордтық болуы мүмкін. Ағымдағы АПЛ маусымында Салиба 22 матч өткізіп екі гол соқты.