07.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Арсенал Дьокерешті 70 миллион еуроға трансферлеу бойынша келіссөздер жүргізуде

Арсенал Дьокерешті 70 миллион еуроға трансферлеу бойынша келіссөздер жүргізуде

Бен Джейкобстың мәліметі бойынша, Виктор Дьокереш лондондық Арсеналға ауысуы мүмкін — клубтар трансфер бойынша белсенді келіссөздер жүргізуде.

«Зеңбірекшілердің» спорт директоры Андреа Берта швед шабуылшысы үшін 70 миллион еуро ұсынуда — Лиссабонның Спортингі 80 миллион сомасын талап етуде.

27 жастағы шабуылшы Арсеналмен бес жылдық жеке келісімшарт жасасуға келісіп, португал клубының басшылығына ағылшын командасына ауысқысы келетінін хабарлады.