13.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Арсенал» Чемпиондар лигасында 15 жылдық жетістігін қайталады

Лондондық «Арсенал» бас бапкер Микель Артета басқарған кезеңде тарихи жетістікке жетті – команда Чемпиондар лигасының ширек финалына екінші маусым қатарынан шықты, деп хабарлайды Sports.

«Зеңбірекшілер» келесі кезеңге жолдаманы «ПСВ-мен» өткен қайтару матчында рәсімдеді. Кездесу 2:2 есебімен аяқталды, бірақ бірінші ойында 7:1 есебімен ірі жеңіске жеткен ағылшын клубы жалпы 9:3 нәтижесімен келесі кезеңге өтті.

Өткен маусымда да «Арсенал» ширек финалға жеткен болатын. Алайда, екі матчтың қорытындысы бойынша (3:2) команда «Баварияға» жол беріп, жарысты тоқтатқан еді.

Артета бас бапкерлікке келмес бұрын, «Арсенал» 2010 жылдан бері Чемпиондар лигасында мұндай нәтиже көрсете алмаған.