18.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Арсенал» әйелдер футболында трансферлік рекорд орнатты

«Арсенал» әйелдер футболында трансферлік рекорд орнатты

Лондондық «Арсенал» Канада құрамасының шабуылшысы Оливия Смитті «Ливерпульден» сатып алғанын жариялады — BBC хабарлайды. Трансфер сомасы бір миллион фунт стерлингті құрап, әйелдер футболы тарихындағы жаңа рекорд орнатты.

20 жастағы Смит әйелдер Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпаздарымен төрт жылдық келісімшартқа қол қойды. Бұған дейінгі рекордтық трансфер жарты жыл бұрын орнатылған болатын — «Челси» АҚШ құрамасының қорғаушысы Наоми Гирманы «Сан-Диего Уэйвтен» 900 мың фунтқа сатып алған еді.

«Арсеналмен» келісімшартқа қол қою мен үшін үлкен құрмет әрі артықшылық. Бұл менің арманым — Англия мен Еуропадағы ірі трофейлер үшін күресу. Жұмысты бастауды асыға күтемін және клубтың мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесімді қосқым келеді», — деді Смит.

-->