05.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Арсенал» 20 ойыншысымен қош айтысады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
арсенал
 2024/25 жылғы маусым қорытындысы бойынша «Арсенал» құрамынан 20 ойыншы кетеді.

 Бұл тізімге ерлер және әйелдер командаларының футболшыларымен қатар, 18 және 21 жасқа дейінгі жастар құрамасының ойыншылары да кіреді.

Негізгі құрамнан Жоржиньо, Рахим Стерлинг және Киран Тирни командадан кетеді. Ал келісімшарты 30 маусымда аяқталатын Томас Партидің болашағы әзірге белгісіз.