Оқу уақыты: 1 мин

Арсен Венгер офсайд ережесін өзгерту туралы ұсыныс айтты

Арсен Венгер офсайд ережесін өзгерту туралы ұсыныс айтты

ФИФА-ның жаһандық футболды дамыту жетекшісі Арсен Венгер ойыннан тыс қалу ережесіне жаңашыл көзқарас ұсынды — енді офсайд шабуылшының барлық дене бөліктері соңғы қорғаушыдан алда болғанда ғана белгіленуі керек.

Қазіргі тәртіп бойынша шабуылшының қол мен иықтан басқа кез келген дене бөлігі сызықтан шықса — офсайд есептеледі. Венгер VAR жүйесінің енгізілуі шабуылшылардың «күмәнді сәттердегі артықшылығын» жоққа шығарды деп есептейді.

«1990 жылғы әлем чемпионатынан кейін офсайд ережесін шабуылшылардың пайдасына қарай өзгерткен едік. VAR-дың пайда болуымен бұл артықшылық жойылып кетті — бұл көптеген жанкүйерлерді қынжылтады», — деді Венгер.

Жаңа ереже Италияның жастар футболында сынақтан өтуде. Қорытынды шешім 2026 жылы сарапшылар мен ИФАБ техникалық комитеті пікірінен кейін қабылдануы мүмкін.