19.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Арсен Әшірбек Қазақстан құрамасына шақырту алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Арсен Әшірбек Қазақстан құрамасына шақырту алды

Көкшетаудың «Оқжетпес» клубының қорғаушысы Арсен Әшірбек 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Уэльс пен Бельгияға қарсы матчтарға қатысу үшін Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне енді.

Айта кетейік, 21 жастағы «Тараз» футбол мектебінің түлегі 2025 жылдың ақпанынан бері «Оқжетпес» сапында өнер көрсетіп келеді. Бұған дейін ол Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамасына шақыртылмаған.

Қыркүйек айында Қазақстан құрамасы екі ойын өткізеді: 4 қыркүйекте өз алаңында Уэльспен, ал 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгиямен кездеседі.

Арсен Әшірбек 2025 жылғы маусымда «Оқжетпес» сапында 18 матч өткізіп, үш нәтижелі пас берген. Ал Transfermarkt порталы жас қорғаушының трансферлік құнын 100 мың еуроға бағалап отыр.