Оқу уақыты: 1 мин

Арман Оспанов Астанада экс-чемпион Ренан Бараомен жекпе-жек өткізеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Арман Оспанов Астанада экс-чемпион Ренан Бараомен жекпе-жек өткізеді

27 мамыр күні Астанада өтетін «ALASH PRIDE 108» турнирі аясында қазақстандық файтер Арман Оспанов октагонға шығады. Оның қарсыласы — UFC-де 17 жекпе-жек өткізген, жеңіл салмақта бұрынғы чемпион Ренан Барао.

Бразилиялық спортшы сонымен қатар джиу-джитсудан қара белбеу иегері. Алдағы жекпе-жек қазақстандық жанкүйерлер үшін үлкен қызығушылық тудырып отыр.