Оқу уақыты: 1 мин

«Арланның» үздік мергені КХЛ клубымен маусым алды дайындықты өткізеді

«Арланның» үздік мергені КХЛ клубымен маусым алды дайындықты өткізеді

«Головой Об Лед» телеграм-арнасының хабарлауынша, шабуылшы Данил Парамонов — маусым алды дайындықты Владивостоктағы «Адмирал» клубымен өткізеді.

Көкшетау «Арланының» шабуылшысы — аяқталған Pro Hokei Ligasy маусымында тамаша нәтиже көрсетіп, тұрақты чемпионаттың 50 ойынында 59 ұпай жинады. Оның еншісінде 39 гол мен 20 нәтижелі пас бар.

«Арлан» құрамында хоккейші Қазақстан чемпионы атанды, бұл оған Континентальдық хоккей лигасы клубының назарын аударуға мүмкіндік берді.