14.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Арлан» «Сарыарқаны» ойсырата жеңді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

1xBet Pro Hokei Ligasy сайтының хабарлауынша, Көкшетауда Қазақстан чемпионатының жартылай финалының алғашқы матчы өтті.

«Сарыарқа» қазіргі ел чемпионы «Арланға» лайықты қарсылық көрсете алмады. Қарағандылықтардың есепті өзгертуге тырысқан әрекеттері қарсылас қорғауынан аса алмады. Ойындағы «Арлан» қақпашысы Сергей Кудрявцев 21 соққыны қайтарып, командасын сенімді қорғады. Ал көкшетаулықтар өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, голдарын бірінен соң бірін соқты. Владислав Никулин үш голдық шабуылға қатысып, ойында ерекше көзге түсті. Шайбаларды Семён Буйван, Эдуард Михайлов, Арсений Борисов және Владимир Волков соқты.

«Арлан» – «Сарыарқа» 5:0 (1:0, 2:0, 2:0)

1:0 – 12:26 – Буйван (Никулин, Боровков)
2:0 – 23:24 – Михайлов (Преснов)
3:0 – 38:27 – Борисов (Никулин) ГБ
4:0 – 46:18 – Никулин
5:0 – 58:28 – Волков (Боровков, Буйван)

Қақпашылар: Кудрявцев – Кадочников (Коваль, 38:27-60:00)

Сериядағы есеп: «Арлан» – «Сарыарқа» 1-0 (5:0)