Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Арлан» — Қазақстан чемпионы, Көкшетаулық клуб қатарынан екінші жыл үздік атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Өскеменде 2024/25 жылғы маусымның Pro Ligasy финалдық сериясы мәресіне жетті. Қорытынды кездесуде «Арлан» мен «Торпедо» мұз айдынға шықты. Төртінші ойын алдында Көкшетаулық команда 3:0 есебімен алда келе жатқан еді.

Бүгін алғашқы кезеңде «Торпедо» сәл белсендірек көрінді, Владислав Пестов қорғаған қақпаға шайба дарымады. Ал екінші кезеңнің соңында «Арлан» қысқа уақыт ішінде екі гол соғып, матч тағдырын шешіп тастады. Алдымен 38-минутта Степан Санников есеп ашса, араға небәрі 42 секунд салып Владислав Никулин есепті 2:0-ге жеткізді.

Үшінші кезеңде Өскемендік команда артық құрамдағы мүмкіндікті пайдалана алмады. Дегенмен, 51-минутта Максим Базанов Ян Тютюньковтың пасын сәтті түйіндеп, есеп айырмасын қысқартты. Бірақ «Торпедо» таразы басын теңестіре алмады — қақпашыны ауыстырып, алтыншы ойыншымен ойнау да нәтиже берген жоқ.

«Арлан» қорғаныста сауатты ойын көрсетті. Қақпашы Сергей Кудрявцев 24 соққыны қайтарып, жеңістің кепілі болды.

Осылайша, «Арлан» серияда 4:0 есебімен үстем түсіп, қатарынан екінші рет Қазақстан чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.

Матч нәтижесі:
«Торпедо» – «Арлан» 1:2 (0:0, 0:2, 1:0)
Голдар:
0:1 – 38:17 Санников (Преснов)
0:2 – 38:59 Никулин (Волков, Буйван)
1:2 – 51:37 Базанов (Панченко, Тютюньков)

Серия нәтижесі: «Арлан» – «Торпедо» 4:0 (9:2, 6:3, 3:2, 2:1)

Марапаттау рәсіміне ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов, Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры Сәкен Мұсайбеков, облыстық мәслихат төрағасы Денис Рыбаков, «Қазцинк» ЖШС әкімшілік істер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Лазарев және федерацияның спорт директоры Алексей Мамонтов қатысты.