Оқу уақыты: 1 мин

«Әрқайсымыз тек жеңіске жетуді қалаймыз»: «Елімай» қорғаушысы «Қызылжарға» қарсы өтетін матч туралы

«Әрқайсымыз тек жеңіске жетуді қалаймыз»: «Елімай» қорғаушысы «Қызылжарға» қарсы өтетін матч туралы

14 мамырда Петропавлда Қазақстан Кубогының ширек финалында жергілікті «Қызылжар» аяқдопшылары «Елімайды» қабылдайды.

1/8 финалда алаң иелері «Қайсарды» 1:0 есебімен жеңсе, семейліктер «Ұлытауды» 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Ойын қарсаңында «Елімай» қорғаушысы Әди Адамбаев Sport Pulse порталына алдағы кездесуге қатысты пікір білдірді:

— Ертең бізді қиын матч күтуде, бірақ мен командамызға сенімдімін және клуб ішінде жасап жатқан еңбегімізге толық сенім артамын. Әрқайсымыз бұл ойынға бейжай қарамаймыз, әр матчта – мейлі ол Кубок болсын, мейлі чемпионат болсын – тек жеңіске жетуді қалаймыз. Ертең біз алаңға жеңіске жету үшін, жанкүйерлерімізді қуанту үшін және жартылай финалға шығу үшін шығамыз.

Матч туралы негізгі ақпарат:

Күні: 14 мамыр

Басталуы: 18:00 (тікелей эфир — 17:55-тен бастап)

Стадион: «Қарасай», Петропавл

Көрсетілім: Sport Plus Qazaqstan телеарнасы

Басты сурет: «Елімай».  Әди Адамбаев

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!