05.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Аркадий Шестаков КХЛ-дегі жеке рекордын жаңартты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан құрамасы мен «Адмирал» шабуылшысы Аркадий Шестаков ҚХЛ-дағы (Континенттік хоккей лигасы) жеке нәтижелілік рекордын орнатты, деп хабарлайды «Shaiba.kz».

Өскемен хоккей мектебінің түлегі «Нефтехимикке» қарсы өткен өз алаңындағы ойында гол соғып, нәтижелілік сериясын бес матчқа дейін ұзартты.

Қазіргі таңда Шестаковтың есебінде 59 ойынның қорытындысы бойынша 26 (12+14) ұпай бар.

Өткен маусымда ол елордалық «Барыс» сапында 68 матчта 25 (15+10) ұпай жинаған еді.