29.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Арина Соболенко WTA рейтингінде тарихи межеге жетті

Арина Соболенко WTA рейтингінде тарихи межеге жетті

Tennis.com мәліметінше, Арина Соболенко өз мансабында елеулі межеге жетті — WTA рейтингінде 50 апта қатарынан көш бастады.

Өткен жылдың қазан айында әлемдік рейтингті бастаған беларусь теннисшісі теннис тарихында мұндай көрсеткішке қол жеткізген оныншы спортшы атанды.

Бұған дейін мұндай жетістікке аңызға айналған теннисшілер жеткен:

  • Штеффи Граф — 186 апта (1987-1991)
  • Серена Уильямс — 186 апта (2013-2016)
  • Мартина Навратилова — 156 апта (1982-1985)
  • Эшли Барти — 114 апта (2019-2022)
  • Крис Эверт — 113 апта (1976-1978)
  • Моника Селеш — 91 апта (1991-1993)
  • Мартина Хингис — 80 апта (1997-1998)
  • Ига Швентек — 75 апта (2022-2023)
  • Жюстин Энен — 61 апта (2007-2008)

Соболенконың рейтингтегі бірінші орындағы жалпы көрсеткіші — 2023 жылғы сегіз апталық көшбасшылығын қоса есептегенде 58 аптаны құрайды.