09.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Арина Соболенко Ухандағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

Арина Соболенко Ухандағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

Әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенко Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан беделді WTA-1000 санатындағы турнирдің үшінші айналымында сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport Pulse тілшісі.

Соболенко ресейлік Людмила Самсонованы (WTA рейтингінде 20-орын) екі сетте — 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Кездесу бар болғаны 1 сағат 15 минутқа созылды. Осылайша, белорусьтік спортшы өзінің WTA-1000 сериясындағы 30-ыншы ширек финалына жолдама алып отыр.

Арина Уханда қатарынан 19-шы жеңісіне қол жеткізді. Ол бұл турнирде өткен жылғы чемпиондық атағын қорғап жатыр.

Ал ширек финалда Соболенко чехиялық Линда Носкова мен қазақстандық Елена Рыбакина арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.