05.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Арина Соболенко Серена Уильямстың жетістігін қайталады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Арина Соболенко Серена Уильямстың жетістігін қайталады

Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко үшінші рет қатарынан АҚШ ашық чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Sport Pulse.

Жартылай финалда Артур Эш аренасында өткен матчта беларусь спортшысы америкалық Джессика Пегуланы 3:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Осылайша, Соболенко Серена Уильямстан кейін (2012–2014 жылдары) алғаш рет үш жыл қатарынан US Open финалына шыққан теннисші атанды.

Биылғы шешуші ойында ол Наоми Осака (Жапония) мен Аманда Анисимова (АҚШ) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, 2023 жылғы финалда Соболенко Кори Гауффқа есе жіберсе, 2024 жылы Пегуланы ұтып, реванш алған еді.