22.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Аргентина Әлем чемпионатына бір қадам жақын

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Лионель Скалони жаттықтыратын Аргентина құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына шығуға жақын қалды. Оңтүстік Америка іріктеу кезеңінің 13-туры аясында олар Уругвайды жеңіп, 28 ұпайға жетті.

Енді келесі турда бір ғана ұпай жинаса, Аргентина ресми түрде Әлем чемпионатының жолдамасына ие болады.

Қазіргі турнир кестесі:
Аргентина – 28 ұпай
Эквадор – 22
Бразилия – 21
Уругвай – 20
Парагвай – 20
Колумбия – 19

Аргентина келесі кездесуін 26 наурызда Бразилияға қарсы өткізеді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!