08.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Араухо: «Флик бізді мақтан тұтады, бірақ қорғанысты күшейту керек»

Араухо: «Флик бізді мақтан тұтады, бірақ қорғанысты күшейту керек»

Mundo Deportivo мәліметінше, «Барселона» қорғаушысы Рональд Араухо Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Интерден» ұтылғаннан кейін бас бапкер Ханси Фликтің айтқан сөздерімен бөлісті.

«Ол бізді мақтан тұтатынын және келесі маусымда Чемпиондар лигасы үшін қайтадан күресетінімізді айтты», — деді Араухо.

Уругвайлық ойыншы команданың қорғаныс жағындағы әлсіз тұстарын да атап өтті:

«Біз тым көп гол жібердік. Иә, біз ашық, тартымды ойнауға тырыстық. Бұл жанкүйерлерге ұнауы мүмкін, бірақ біз бұл ойынды қайта қарауымыз керек».

Еске салайық, «Барселона» жартылай финалда «Интерге» екі матч қорытындысы бойынша (3:3, 3:4) жол беріп, финалға өте алмады.