29.01.2025
Оқу уақыты: 2 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Әр нәрсенің шегі бар». Өзбек боксшы ең мықты чемпионды айқасқа шақырды

Екінші өте жеңіл салмақта WBA ұйымының уақытша чемпионы Муроджон Ахмадалиев (13-1, 10 КО) өз дивизионындағы абсолют чемпион жапониялық Наойи Иноуэмен (29-0, 26 КО) жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді, деп жазады vesti.kz ua.tribuna.com-ға сілтеме жасап.

«Мен мұны үнемі айтып келемін. Бокста ереже бар, мен міндетті қарсыласпын. Сондықтан мен онымен жұдырықтасқым келеді. Мен бірнеше тұжырым бойынша чемпион болғанмын. Сондықтан мықтылармен айқасқым келеді. Ең мықты — ол Иноуэ. Мен титулды жайдан жай иеленгім келмейді.

Неге екенін білмеймін, жекпе-жек өтпей жатыр, маған екі жыл мүмкіндік бермей отыр. Ол жұдырықтасқысы келмесе, мен не істейін? Адамдар жекпе-жекті талап ету керек шығар. Мен оны жеңе алатынымыды білемін.

Не болып жатқанын білмеймін, бірақ, бұл жекпе-жектің өтпеуін қаламайтындар бары анық, командасы ма, промоутерлері ме екен. Жекпе-жектен қалай қашып отырғаны түсініксіз.

Ол басқа жігіттермен айқасып жүр, жақсы, оған қарсы емеспін, бірақ, әр нәрсенің шегі бар ғой. Ұлы чемпиондар белбеулерін үнемі қорғайтын. Мен 18 айда үш қорғау өткізгенмін. Ал Иноуэнің ақталуын есту күлкілі. Онымен кез келген жерде айқасуға дайынмын — Лас-Вегас, Жапония, Сауд Арабиясы», — дейді өзбек боксшы.

Айта кетейік, Ахмадалиев WBA тұжырымы бойынша Иноуэге міндетті қарсылас, бірақ, Иноуэ өзбек боксшымен жекпе-жек орнына аустралиялық Сэм Гудманға (19-0, 8 КО) қарсы айқаста IBF титулын қорғамақ. Британиялық промоутер Эдди Хирннің сөзінше, егер жапониялық WBA титулынан бас тартса, ұйым Ахмадалиевтің дәржесін «уақытшадан» толыққанды чемпионға дейін көтереді.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!