17.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ақтөбенің» Еуропа лигасында алғашқы іріктеу кезеңіндегі қарсыласы анықталды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Ақтөбенің» Еуропа лигасында алғашқы іріктеу кезеңіндегі қарсыласы анықталды

Қазақстанның «Ақтөбе» футбол клубы Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде поляктың әйгілі «Легия» командасымен ойнайды. Екі кездесуден тұратын бұл жұптың алғашқы ойыны 10 шілдеде өтсе, қарымта матч 17 шілдеге жоспарланған.

Бұл қарсыластар бұған дейін де Еурокубоктарда жолыққан. 2014 жылы «Легия» екі кездесуде де жеңіске жетіп (2:0 және 1:0), Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыққан болатын. Кейін варшавалықтар 6 матчтың 5-інде жеңіп, 18 ұпайдың 15-ін еншіледі.

Айта кетейік, «Ақтөбе» өткен маусымда Қазақстан кубогын жеңіп алып, осы маусымда Еуропа лигасына жолдама алған. Турнирдің негізгі кезеңіне өту үшін командаға төрт іріктеу кезеңінен өту қажет.

Бұл жолы «Ақтөбе» есе қайтаруға тырыса ма — оны шілдеде көретін боламыз.