17.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ақтөбелік 15 жастағы балуан көз жұмды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ақтөбелік 15 жастағы балуан көз жұмды

Ерейментау (Ақмола облысы) қаласында өткен Перуаш Қарим-ұлының құрметіне арналған қазақша күрестен Х халықаралық турнир барысында жарақат алған ақтөбелік 15 жастағы спортшы қайтыс болды.

Оқиға 7 қыркүйекте белдесу кезінде болған, жас спортшы ауыр жарақат алып, шұғыл түрде Астанаға жеткізілді. Дәрігерлер бірнеше күн бойы оның өмірі үшін күрескенімен, аман алып қалу мүмкін болмады.

Halyqstan мәліметінше, марқұмның денесі Ақтөбеге жеткізілді, отбасы жерлеуге дайындалып жатыр.

Ақмола облысының полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Марқұмның отбасына көңіл айтамыз.