30.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ақтөбедегі «Қобыланды батыр» атындағы орталық стадионда LED борттар орнатылады

Ақтөбедегі «Қобыланды батыр» атындағы орталық стадионда LED борттар орнатылады

Ақтөбедегі «Қобыланды батыр» атындағы орталық стадионда LED борттар орнатылады. Бұл туралы ТКБ YouTube арнасының резиденті Арон Муканов хабарлады.

Еуропа лигасына іріктеу аясында өтетін «Ақтөбе» – «Легия» ойынына дейін стадионға LED борттар орнатылмақ. Жоба облыстық спорт басқармасының қолдауымен жүзеге асады.

— Бұл клубтың маркетингтік жұмыстарын жақсартуға көмектеседі, — деді Муканов.

Айта кетейік, мұндай LED борттар Қазақстанда тек «Астана Арена», «Спартак», «Қажымұқан» және Алматының орталық стадионында ғана бар.