12.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ақтөбеде» дауға іліккен қақпашының жалақысы белгілі болды

«Ақтөбеде» дауға іліккен қақпашының жалақысы белгілі болды

Румыниялық қақпашы Андрей Влад «Ақтөбеде» айына 9 миллион теңге (18 000 доллар) жалақы алып келген, деп хабарлайды ASnews.kz.

Осы жағдайға жақын дереккөздің айтуынша, клуб Владтың орнын басатын жаңа қақпашылармен келіссөз жүргізуде. Дегенмен, румыниялық голкипердің «ақ-қызылдармен» тағы бір жылдық келісімшарты бар.

Влад 2025 жылғы маусымда жақсы өнер көрсетті, бірақ ҚПЛ-дың 25-ші турында «Астанаға» қарсы ойыннан кейін жанкүйерлер мен сарапшылар тарапынан сынға ұшырады. «Ақтөбе» ол матчта 3:5 есебімен жеңілді.

«Ақтөбеге» келгенге дейін 26 жастағы қақпашы жеті жыл «Стяуа» (Румыния) сапында ойнады. Ол өз елінің ұлттық құрамасында бір матч өткізген.