13.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ақтөбе» жастар командасының 15 жастағы футболшысы қайтыс болды

«Ақтөбе» жастар командасының 15 жастағы футболшысы қайтыс болды

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі жастар командасы ойыншысының қазасы туралы хабарлады — 15 жастағы Арон Муса 12 қазанда өмірден озды.

Клубтың ресми мәлімдемесінде жас қорғаушымен бірге оның әжесі мен немере ағасы да қаза тапқаны айтылған — бұл бүкіл футбол қауымдастығы үшін ауыр соққы болды.

«Бұл үлкен қасірет. Аро № 15 — сен біздің жүрегімізде!» — делінген клуб хабарламасында.

Биылғы маусымда Арон Муса QJ League турнирінде U-16 жастар командасы үшін алты ойын өткізіп, бір голдық пас берген.