23.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ақтөбе» — «Спарта Прага»: Чехиялық команданың бас бапкері Приске Брайн пікір білдірді

«Ақтөбе» — «Спарта Прага»: Чехиялық команданың бас бапкері Приске Брайн пікір білдірді

Ойын алдындағы баспасөз мәслихатында чехиялық «Спарта Прага» клубының бас бапкері Приске Брайн журналистер сұрақтарына жауап беріп, қарсылас жайында өз ойын ортаға салды.

Брайн «Ақтөбенің» мықты және әлсіз тұстарына тоқталды:

– «Ақтөбенің» «Легиямен» өткен қос кездесуін көріп, талдау жасадық. Тек еурокубок ойындарын ғана емес, ішкі біріншіліктегі матчтарын да зерттедік. «Ақтөбе» – осал команда емес. Шабуылшылары өте қауіпті, ал қорғаушылары қорғаныспен қатар шабуылға да белсенді қатыса алады. Бұл біз үшін қиындық тудыруы мүмкін. Әлсіз тұстары жайлы нақты айту қиын – оны ертеңгі ойында көре жатармыз, – деді Приске Брайн.

Айта кетейік, «Ақтөбе» мен «Спарта Прага» арасындағы матч 24 шілде күні сағат 21:00-де басталады.