26.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ақтөбе» қорғаушысы даулы пенальти туралы пікір білдірді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Ақтөбе» қорғаушысы даулы пенальти туралы пікір білдірді

«Ақтөбенің» румыниялық қорғаушысы Богдан Вэтэжелу Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Спартамен» болған алғашқы матчта чех клубына тағайындалған пенальти туралы пікір білдірді. Оның сөзін Ruik.kz порталы келтіреді.

Футболшы эпизод кезінде ереже бұзылғанын байқамағанын, бірақ кейін бейнеқайталауды көріп, ойы өзгергенін айтты:

«Шын айтсам, алаңда ешқандай жанасу сезбедім. Бірақ кейін қайталауды көргенде, бұл өте «жұмсақ» пенальти екенін байқадым. Дегенмен бұл – футбол. Мұндай жағдай кез келген сәтте болуы мүмкін. Енді келесі аптаға дайындалуымыз керек».

Еске салайық, алғашқы матч 24 шілдеде Ақтөбеде өтіп, қазақстандық клуб 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Жауапты ойын 31 шілде күні Прагада өтеді. Бұл жұптың жеңімпазы Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!