29.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ақтөбе» – «Қайрат» матчын 115 мың адам стадионнан тамашалағысы келген

«Ақтөбе» – «Қайрат» матчын 115 мың адам стадионнан тамашалағысы келген

Қазақстан Премьер-лигасының 11-туры аясында өтетін «Ақтөбе» мен «Қайрат» арасындағы ойынның барлық билеттері небәрі 44 минутта сатылып кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Серый CARDINAL Telegram-арнасының мәліметінше, аталған матчтың билетін сатып алуға 115 мың жанкүйер ниет білдірген. Бұл – ел футболы тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

Келесі турдың орталық ойыны 30 мамыр күні, сағат 20:00-ге жоспарланған. Кездесу Ақтөбе қаласындағы Орталық стадионда өтеді.

Айта кетейік, турнир кестесінде «Ақтөбе» 11 ойыннан кейін 25 ұпаймен көш бастап тұр. Ал 23 ұпайы бар «Қайрат» қазіргі таңда үшінші орында келеді.