04.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ақтөбе» панамалық шабуылшы Фредди Гондоламен қоштасты

«Ақтөбе» панамалық шабуылшы Фредди Гондоламен қоштасты

«Ақтөбе» футбол клубы панамалық шабуылшысымен қоштасты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл туралы «ақ-қызылдардың» баспасөз қызметі ресми түрде мәлімдеді:

«Ақтөбе» ФК панамалық шабуылшысы Фредди Гондола команда сапынан кетті. Футболшы мен клуб ұжымы екеуара келісімшартты тоқтатты. Фреддиға атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, алдағы мансабына сәттілік тілейміз!»

Ақтөбелік клуб сапында 2024 жылдың жазынан бері ойнаған 29 жастағы футболшы бар болғаны 11 ойынға қатысып, 3 голмен көзге түсті.