04.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ақтөбе» мен «Тобылдың» бұрынғы ойыншысы Өзбекстан чемпионатының үздік ойыншысы атанды

«Ақтөбе» мен «Тобылдың» бұрынғы ойыншысы Өзбекстан чемпионатының үздік ойыншысы атанды

Ташкенттің «Пахтакор» клубының шабуылшысы Игорь Сергеев Өзбекстан Суперлигасының 2025 жылғы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Zamin.uz-ға сілтеме жасап.

32 жастағы шабуылшы өткен маусымда 20 гол соғып, Өзбекстан Суперлигасының бомбардирлер тізімінде көш бастады. Сергеев сегіз жылдық үзілістен кейін Өзбекстан чемпионатында үздік сұрмерген атанды. «Пахтакормен» суперлигада екінші орын алып, Өзбекстан кубогын жеңіп алды.

Айта кетейік, 2021-2023 жылдар аралығында Игорь Сергеев «Ақтөбе» және «Тобыл» командалары үшін Қазақстан чемпионатында өнер көрсетіп, қостанайлық командамен ел чемпионатында жеңіске жетті.