20.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ақтөбе» мен «Тобыл» арасындағы тартысты ойын тең аяқталды

«Ақтөбе» мен «Тобыл» арасындағы тартысты ойын тең аяқталды

Қазақстан Премьер-Лигасының 17-ші тур орталық матчында «Ақтөбе» мен «Тобыл» тең түсті — кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

Командалардың бастапқы құрамы:

  • «Ақтөбе»: Влад, Вэтэжелу, Анджелкович, Қайыров, Скворцов, Корзун, Жуков, Жан, Швырев, Соса, Шушеначев
  • «Тобыл»: Бұсырманов, Асранкулов, Ндиайе, Миладинович, Вукчевич, Эссьен, Тағыберген, Эль-Мессауди, Жұмашев, Чесноков, Сигневич

Матч тартысты өтті — алаң иелері бірінші таймда офсайдтан гол соқты, бірақ ол есептелмеді. Екінші таймда ақтөбеліктер қақпа қаңқасына дөп тигізді, ал қонақтар да есеп ашуға бірнеше мүмкіндік алды.

Осы кездесуден кейін қостанайлық клуб 35 ұпаймен турнир кестесінің үшінші орнында қалды, ал «Ақтөбе» 33 ұпаймен төртінші орынға жайғасты.