21.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ақтөбе» Корзун мен Шушеначевті трансферлеуге бағыт алды

«Ақтөбе» Корзун мен Шушеначевті трансферлеуге бағыт алды

«Серый CARDINAL» телеграм-арнасының мәліметінше, «Ақтөбе» футбол клубы жартылай қорғаушы Никита Корзун мен шабуылшы Артур Шушеначевті трансферлеу туралы келіссөздер жүргізуде.

Корзун мен Шушеначев «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін. Қолда бар ақпарат бойынша, екі ойыншы да алдағы трансфер терезесінде «қызыл-ақтар» қатарына қосылуы мүмкін. Бірақ мәселе әлі толық шешілген жоқ

«Елімай» құрамындағы Никита Корзун — биылғы ҚПЛ маусымында тоғыз матч өткізіп, бір гол соқты. Беэр-Шевадағы «Хапоэль» сапында өнер көрсететін Артур Шушеначев — өткен маусымда 16 ойынға қатысып, екі гол соғып, екі голдық пас берді.

Айта кетейік, бұған дейін «Ақтөбе» Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуковпен күшейген болатын.