24.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ақтөбе» Конференция лигасын сенсациялық жеңіспен бастады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Ақтөбе» Конференция лигасын сенсациялық жеңіспен бастады

«Ақтөбе» футбол клубы УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта өз алаңында Праганың «Спарта» командасынан 2:1 есебімен басым түсті.

Кездесуде алаң иелері допқа жиі иелік етіп, қауіпті шабуылдар ұйымдастыра білді. Сарапшылар чехиялық клубты жұптың фавориті санағанымен, «Ақтөбе» сенімді әрі жүйелі ойынымен басымдық көрсетті.

Ойынның 29-минутында Даниэль Созах есеп ашса, 83-минутта Оралхан Өміртаев есепті 2:0-ге жеткізді. Алайда негізгі уақытқа қосылған минутта төреші қонақтарға даулы пенальти белгілеп, Велько Бирманчевич он бір метрлік айып добын мүлт жібермеді.

Кездесудің үздік ойыншысы атанған Даниэль Созах бір гол соғып, бір нәтижелі пас беріп қана қоймай, шабуылда да, қорғаныста да ерекше көзге түсті.

Қарымта матч 31 шілде күні Прагада өтеді. Екі ойын қорытындысы бойынша келесі кезеңге өтетін команда сол жерде анықталады.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!