13.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ақтөбе» футбол клубының жаңа бас бапкері белгілі болды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Ақтөбе» футбол клубының жаңа бас бапкері белгілі болды

62 жастағы болгар маманы Николай Костов ресми түрде «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Костов – тәжірибелі жаттықтырушы. 2002 жылы Кипрдің «Анортосис» командасымен ел кубогын жеңіп алған. Қазақстанда ол бұған дейін Қарағандының «Шахтерін» және «Каспий» клубын басқарған. Сондай-ақ, ол Украина, Кипр және Болгария клубтарында жұмыс істеген.

Болгариядағы соңғы жұмыс орны – «Левски» клубы. 2023–2024 жылдардағы маусымда Костов команда тізгінін ұстап, 35 матчта 19 жеңіске жетіп, 7 рет тең ойнап, 9 рет жеңілген.

Бұл тағайындау «Ақтөбе» Вячеслав Левчук пен оның көмекшісі Борис Горовпен қош айтысқаннан кейін жүзеге асты.