14.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ақтөбе» Әли Әлиевтің бапкерлік қызметіне қатысты ұстанымын анықтады

«Ақтөбе» Әли Әлиевтің бапкерлік қызметіне қатысты ұстанымын анықтады

ASnews.kz хабарлауынша, Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкер көмекшісі Әли Әлиев «Ақтөбенің» бас бапкері қызметіне үміткерлер тізіміне енбеген.

Клубқа жақын дереккөз мәлімдегендей — қазіргі бас бапкер Николай Костовты ауыстыру мәселесі тек ағымдағы маусым аяқталғаннан кейін ғана қаралатын болады.

Айта кетерлігі, Әлиевтің жақында қызметтен кетуінен кейін Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде жақсы нәтиже көрсетті — Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, Солтүстік Македониямен сырт алаңда 1:1 есебімен тең түсті.