24.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

АҚШ-та футболдан клубтық әлем чемпионатының үшінші туры басталады

АҚШ-та футболдан клубтық әлем чемпионатының үшінші туры басталады

АҚШ-та өтіп жатқан футболдан клубтық әлем чемпионатының топтық кезеңінде үшінші тур ойындары басталады.

Бірінші ойын күні Сиэтл Саундерс Пари Сен-Жерменнен 0:2 есебімен жеңілді, ал Атлетико Мадрид Ботафогоны 1:0 есебімен жеңгенімен, турнирден шығып қалды.

Алдағы матчтардың кестесі төмендегідей:

  • Сейсенбіде Лионель Мессидің Интер Майамиі Палмейраспен және Бенфика Бавориямен кездеседі
  • Сәрсенбіде Челси Эсперанспен, ал дортмундтық Боруссия Ульсанмен ойнайды
  • Бейсенбіде Интер Ривер Плейтпен, Ювентус Манчестер Ситимен кездеседі
  • Жұмада Реал Мадрид Ред Булл Зальцбургпен ойнайды