10.06.2025
Оқу уақыты: 2 мин

АҚШ – Швейцария: жолдастық матчқа болжам (11.06.2025)

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
АҚШ – Швейцария: жолдастық матчқа болжам (11.06.2025)

2025 жылғы 11 маусымда Астана уақытымен 05:00-де АҚШ-тың Теннесси штатындағы Нэшвилл қаласында орналасқан «Geodis Park» стадионында АҚШ пен Швейцария құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді. Букмекерлер аздаған басымдықты қонақтар жағына беріп отыр. Қос құраманың қазіргі жағдайын саралап, матчқа болжам ұсынамыз.

АҚШ
Маурисио Почеттино АҚШ құрамасының бас бапкері ретінде аса сәтті дебют жасай алған жоқ. Оның жетекшілігімен команда қатарынан үш матчта жеңіліске ұшырады. Алдымен Ұлттар лигасында Панамаға (0:1), одан кейін Канадаға (1:2) жол берді. 7 маусым күні АҚШ құрамасы Түркияға қарсы жолдастық кездесу өткізді. Бұл ойында да америкалықтар 1:2 есебімен жеңілді. Бірінші минутта есеп ашқанымен, 27-минутқа дейін екі гол жіберіп, ақыры матч осылай аяқталды. Дегенмен, ойында АҚШ құрамасы басымырақ көрінді, тек сәттілік пен шабуылдағы өткірлік жетіспеді.

Швейцария
«Қызыл айқыштылар» Еуропа футболының ортаңқол құрамалары санатында. Олар кез келген қарсыласқа қиындық тудыра алатынымен танымал. Алайда соңғы уақытта Мурата Якин шәкірттері мықты құрамалармен тең дәрежеде бәсекелесе алмай жүр. Бұл – швейцарлықтардың Ұлттар лигасындағы нәтижелерінен де байқалады. Жоғарғы дивизионда аса қиын емес топқа түссе де, соңғы орыннан көрінді. Алты турда екі-ақ ұпай жинап, Дания, Сербия және Испанияға есе жіберді. Биыл Якин командасы үш жолдастық матч өткізіп, бірде-бір рет жеңілген жоқ: Солтүстік Ирландиямен тең (1:1), Люксембург (3:1) пен Мексиканы (4:2) ұтты. Құрама ӘЧ іріктеуіне дайындықты жалғастыруда.

Статистика және өзара кездесулер
Тарихта бұл екі құрама төрт рет кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен. Тағы екі матч тең аяқталған. Соңғы рет олар 2021 жылы жолдастық кездесу өткізген, онда Швейцария 2:1 есебімен жеңіске жетті. Матч Германияда өткен болатын.

Болжам
АҚШ – Швейцария матчына болжам – алаң иелерінің пайдасына. Мурата Якин шәкірттері өзімен деңгейлес командалармен тұрақсыз ойнап жүр. Жолдастық кездесу болғандықтан, тең есеп тіркелу ықтималдығы жоғары. Сондықтан АҚШ жеңілмейді (Ф1 +0.5) деген бәс тігуді 1.66 коэффициентпен қарастыруға болады.

Узнайте первыми результаты всех футбольных матчей на нашем сайте Страница результатов матча