12.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

АҚШ құрамасы Швейцариямен достық кездесуде ірі есеппен жеңілді

АҚШ құрамасы Швейцариямен достық кездесуде ірі есеппен жеңілді

Маурисио Почеттино басқаратын АҚШ құрамасы Швейцария командасынан ойсырай жеңілді — Нэшвиллдегі матч 0:4 есебімен аяқталды, деп хабарлайды US Soccer.

Барлық голдар кездесудің алғашқы 36 минутында соғылды — швейцариялықтар америкалықтарға ешқандай мүмкіндік қалдырмады. Есепті 13-ші минутта Дан Ндойе ашты, содан кейін Мишель Эбишер гол соқты, ал Брель Эмболо мен Йохан Манзамби үзіліске дейін ойынның тағдырын шешті.

Geodis Park стадионындағы жанкүйерлер өз командасын ысқырып шығарып салды — 45 жылда алғаш рет АҚШ құрамасы өз алаңында осындай қысқа уақыт ішінде төрт гол жіберіп алды.

Америка командасы соңғы үш айда қатарынан төртінші рет жеңілді — бұған дейін олар Панама, Канада және Түркия құрамаларына есе жіберген болатын. Маурисио Почеттиноның құрама басшысы ретіндегі он матчында жеңіс пен жеңіліс саны тең — бестен, ал бір жылдан кейін команда әлем чемпионатын қабылдауға дайындалуда.