20.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

АҚШ ашық біріншілігінде қазақстандықтар екінші кезеңге шықты

АҚШ ашық біріншілігінде қазақстандықтар екінші кезеңге шықты

Нью-Йорктегі Flushing Meadow корттарында US Open-2025 іріктеуінің алғашқы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко және Бейбіт Жұқаев бастапқы турдан сүрінбей өтіп, келесі айналымдағы қарсыластарын білді.

Кукушкин енді Ұлыбритания спортшысы Билли Харриспен кездеседі. Ол алғашқы ойында жапон Джеймс Троттерді 3:6, 6:1, 6:2 есебімен ұтқан.

Попконың қарсыласы – Франция өкілі Бланше. Ол алғашқы кезеңде хорват Борно Годжоны 7:6 (7:2), 3:6, 6:3 есебімен жарыстан шығарды.

Ал Жұқаевқа аса ауыр сынақ күтіп тұр: ол іріктеудің 22-ракеткасы саналатын америкалық Закари Свайдамен ойнайды. Свайда Дания ойыншысы Август Холмгренді 6:2, 7:6 (7:1) есебімен жеңген еді.