29.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

АПЛ осы маусымының үздіктері анықталды

АПЛ осы маусымының үздіктері анықталды

ESPN телеарнасының сарапшылары Ағылшын Премьер-лигасының 2024/25 жылғы маусымында үздік ойын көрсеткен футболшылардан құрам жасақтады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Маусымның үздіктер құрамасына 8 түрлі клубтың ойыншылары енді.

Қақпашы: Матц Селс («Ноттингем Форест»);

Қорғаушылар: Трент Александер-Арнольд («Ливерпуль»), Джеймс Тарковски («Эвертон»), Виржил ван Дейк («Ливерпуль»), Энтони Робинсон («Фулхэм»);

Жартылай қорғаушылар: Юри Тилеманс («Астон Вилла»), Бруну Фернандеш («Манчестер Юнайтед»), Коул Палмер («Челси»);

Шабуылшылар: Луис Диас («Ливерпуль»), Мұхаммед Салах («Ливерпуль»), Александер Исак («Ньюкасл Юнайтед»).

Айта кетейік, Англия біріншілігінің биылғы маусымында 38 ойында 84 ұпай жинаған «Ливерпуль» футбол клубы топ жарды.