Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

АПЛ клубтары агенттерге 409 миллион фунттан астам қаржы жұмсады

Англия футбол қауымдастығының мәліметінше, Премьер-лига клубтары 2024 жылдың ақпанынан 2025 жылдың ақпанына дейінгі аралықта футбол агенттерінің қызметтері үшін 409,1 миллион фунт стерлинг төлеген.

Агенттік төлемдер бойынша көшбасшы — «Челси». Лондондық клуб бұл мақсатқа 60,38 миллион фунт бөлген. Екінші орында — 52,1 миллион фунт жұмсаған «Манчестер Сити», ал үздік үштікті 33,02 миллион фунтпен «Манчестер Юнайтед» қорытындылады.

Қалған клубтар арасында «Арсенал» 22,79 миллион, «Ливерпуль» 20,83 миллион фунт төледі. Ал тізімнің соңында жаңадан көтерілген «Ипсвич» тұр — оның агенттерге жұмсаған қаражаты 6,26 миллион фунтты құрады.

Бұл көрсеткіштер Премьер-лига клубтарының трансферлік саясаттағы белсенділігі мен футбол агенттерімен өзара жұмыс көлемінің ауқымын көрсетеді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!